Дарақтардың кеңістікте таралуы
Обмен учебными материалами


Дарақтардың кеңістікте таралуы



S2 =­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ E(m-x)2/n-1

мұндағы: S2 – таралу шамасы;

х – шамасының орташа m ауытқуы (дисперсия);

n– әр эксперименттегі даралар саны.

Топтық таралу кезінде дисперсия орташадан жоғары және неғұрлым жиналуға қабілеті күшті болса олардың айырмашылығы да үлкенболады. S2>m Дарақтардың бірқалыпты таралуы табиғатта өте сирек кездеседі. Ол көбінесе әр түрлі даралар арасында бәсекелестікке байланысты болады. Мұндай таралу типі жыртқыш балықтар мен территориялық инстинкті анық байқалатын балықтарда болады. Бірқалыпты таралуға мысал ретінде Ла-Манш құмды жағалауларында тіршілік ететін тақта желбезекті былқылдақ денелер де мысыл бола алады.

Кездейсоқ таралу тек біртекті ортада және жиналуға қабілеті жоқ түрлерде байқалады. Мысалы, ұн құртының ұнның ішінде болуы кездейсоқ болады.

Топтық таралу – табиғатта жиі кездеседі. Топтардың өзі кездейсоқ немесе жиналып таралуы мүмкін. Әсіресе ағаштардың орман кеңістігенде таралуы жақсы зерттелген. Егер ормандағы ағаштар бір түрге жататын бастапқыда олар әдетте жинақталып топтанып таралады да, уақыт өте келе олардың таралуы бірқалыпты бола бастайды. Орманның қалыңдығы түрішілік бәсекелестік нәтижесінде кемиді. Аралас өсімдіктер бірлестігінде басылатын түрлер әдетте топтанып, ал доминантты түрлер бірқалыпты таралады.

3.3.2 Популяцияның тығыздығы

.

Популяция алып жатқан аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы даралар санымен (немесе биомассамен) анықталады. Мысалы, ағаштың 150 түбінің 1гектарда өсуі осы популяцияның тығыздығын анықтайды. Популяция тығыздығының шектен тыс артып кетуі каннибализм (француз тілінен аударғанда cannibable - адам жегіш) құбылысын туғызуы мүмкін. Мысалы, ұн құртының өздерінің жұмыртқасын жеуі. Каннибализм кейбір балықтарда,қосмекенділерде және т.б. жануарларда байқалады.



Популяцияд ішілік реттеуші механизмгет эмиграция жатады. Эмиграция – берілген ареалдың қолайсыздау бөліутеріне популяцияның бір бөлігінің орын ауыстыруы. Тығыздық артып кеткен жағдайда сүтқоректілер (әсіресе тышқан тәрізді кемірушілер) мен құстарда да эмиграция байқалады.

Популяция тығыздығы оптималды деңгейден төмендеген жағдайда олардың көбеюі кезіндегі өнімділігі артып, ерте жыныстық жетілуге әкеледі. Популяция санын реттеудің кейбір механизмдері түрішілік бәсекелестікті болдырмауы мүмкін. Көптеген сүтқоректілердің салған белгілірі әр жануардың аң аулайтын территориясын белгілейді. Бұл құбылыстардың барлығы түрішілік бәсекені жойып, популяцияның тығыздығының шектен тыс артып кетуіне кедергі жасайды.

Популяцияның тіршілігі қолайлы жағдайда ғана артып, жоғарғы деңгейге жетеді. Ал, қолайсыз жағдайда олар өлімге көп ұшырап саны азайып кетеді. Популяцияда дарақтардың тіршілік етуіне мына жағдайлар әсер етеді: өмірдің ұзақтығы, өмірдің жоғарғы деңгейдегі ұзақтығы, өмірдің орташа ұзақтығы, тіршілігін сақтап қалу.


Последнее изменение этой страницы: 2018-09-12;


weddingpedia.ru 2018 год. Все права принадлежат их авторам! Главная